Қызылордада көліктер мен қоғамдық орындардың жұмысына шектеу қойылды

Атап айтқанда, автовокзал мен бейберекет ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус, такси және тағы басқа көліктермен жолаушы тасымалдау бүгін, яғни 30 наурыз күнгі сағат 00.00 минуттан бастап арнайы ескертпеге дейін тоқтатылады.
Облыс орталығындағы саябақ, сауна, массаж, бильярд, компьютер, ойын бөлмелері, интернет-клуб, боулинг, букмекерлер, лото, спорт кешендері (үйірме, секциялар), футбол алаңдары, балаларды дамыту орталықтары және халық көп шоғырланған басқа да нысандардың жұмысына да шектеу қойылып отыр, - делінген хабарламада.Сонымен қатар, автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойхана, той салондары, банкет залдары мен үй жағдайында өткізілетін мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту, тағы басқа) іс-шаралар уақытша өткізілмейді.