Сақтық шараларын қатаң сақтайық

«... Бүгінгі күнге дейін өңірде 318 адам карантиннен өтті. Мемлекеттік мекеме мамандары, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Сондықтан оларды қолдап, еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Дегенмен, аймақта «COVID-19» вирусын жұқтырған 5 қазақстандық анықталып отыр. Бұл жағдай тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қатаң шараларды қабылдауды талап етеді. Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігерінің 30 наурыз 2020 жылғы №4 қаулысымен 31 наурыз сағат 00-ден бастап Қызылорда қаласына көліктің барлық түрлерінің келуіне және шығуына тыйым салынады. Теміржол қатынасына шектеу 1-сәуірден басталады», – деді аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова.
Иә, тіршілік болған соң халықтың арлы-берлі жүруіне тура келетін жағдайлар болады. Десе де аталған жағдайға түсіністікпен қарап, қарапайым ғана қағиданы мұқият ұстанып, үйде болғанымыз абзал демекпін. Барлық жерлестерді елдегі жағдайға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырамын.
Н.Махсутова,
Арал ауданаралық ауруханасының медбикесі.