Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 азамат қамаққа алынды

9 азамат қамаққа алынды

Төтенше жағдай және карантин режиміне сәйкес Арал қаласына кіре беріс жолдарына бақылау бекеттері қойылып, аудан аумағына кіріп-шығуға тыйым салынған болатын.Дегенмен, қойылған шектеуге қарамай, бақылау бекетін айналып өтпекші болған 9 азамат анықталды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.
10 сәуір 2020 ж. 302 0