Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Оңтүстіктегі індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз

Президент: Оңтүстіктегі індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз

Президент: Оңтүстіктегі індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында осылай деді.
«Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз. Оған қоса, көктемгі егіс науқаны басталды. Осындай уақытта елдегі эпидемиологиялық ахуалға айрықша назар аударуымыз керек. Мемлекеттік комиссия аймақтардағы карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс. Бұл ретте, полиция мен мемлекеттік органдардың іс-қимылдары тек қатаң шаралар түрінде емес, орынды әрі ақылға қонымды болуы қажет. Жөнсіз әрекеттерге жол берілмеуі тиіс», - деді Президент.
Арал аудандық баспасөз хатшысы. 
11 сәуір 2020 ж. 574 0