Қазақстанда сандық офицер лауазымы пайда болады

«Олардың міндеті – бұл ағымдағы жұмысты орындау емес, реформалар мен қайта құруларды жүзеге асыру. Сондықтан мемлекеттік органдарда сандық офицер қызметін құру қажет. Жергілікті атқарушы органдарда цифрландыруды тікелей әкім орынбасарларының біріне бекіту қажет, ол цифрлық даму министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс», – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру үдерісі бірінші кезектегі мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол цифрландыру мемлекеттің экономикалық дамуына айтарлықтай әсер ететінін атап өтті.