42 500 теңге: 1,7 млн адамның шотына ақша аударылды

Осы ретте министрі бұл әлеуметтік төлем ресми және бейресми жұмыс істеп жүрген, бірақ төтенше жағдайдың салдарынан табысынан айырылған адамдарға қарастырылғандығын айтты.
«Егер сіздер төтенше жағдайға дейін ақша тауып жүрсеңіз, онда әлеуметтік төлем алуға құқығыңыз бар. Порталда өтініш берген кезде табасыңыздың болғанын және төтенше жағдайға байланысты жоғалтқаныңызды растайсыз. Ал нақты әлеуметтік төлемді кім ала алады? Біріншіден - компанияда, мекемеде жұмыс істеп жүрген және жұмыс беруші ақысыз демалысқа жіберген жалдамалы жұмыскер. Олар: орта және шағын бизнес өкілдері, карантин жарияланған қалалардағы кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік қызметтен басқалалары. Бұл ретте, сіздерге өтіншті жұмыс беруші береді», - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, екіншіден жеке кәсіпкерлер, жеке адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар, репититорлар немесе азаматтық-құқықтық сипатта жұмыс істеп жүрген азаматтар, бірыңғай жиынтық төлемін (БЖТ) төлеп жүрген азаматтар әлеуметтік төлем ала алады.
«Бұл ретте біз жасына, жәрдемақы алатындығына не алмайтындығына, мүгедектігіне қарамайсыз. Сіз ресми жұмыс істеген адамсыз. Сіздер мекемеге ресми жалданып жұмыс істеп жүрсіздер. Бұған қоса, ресми бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүрсеңіздер - төлейміз. Соңғы 1 жылдың ішінде кемінде 1 рет БЖТ төленген болса болғаны», - деді ол.
https://syr-media.kz/news/