Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдемесі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдемесі

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!Қызылорда облысы бойынша 14 сәуір күні сағат 8.30 ақпаратқа сәйкес, аймақта СОVID-19 короновирусты инфекциясы соңғы тәулікте тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
"Өңірде тіркелгендердің жалпы саны - 119. Оның ішінде, Қызылорда қаласында - 12, Жаңақорған ауданында -18, Арал ауданында - 4, Сырдария ауданында - 23, Қармақшы ауданында - 4, Шиелі ауданында - 57, Қазалы ауданында - 1 жағдай анықталды. Қазіргі таңда, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, қажетті емдік шаралар жүргізілуде",-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Еске сала кетейік, облыста 13 сәуір күні алғашқы науқас стационардан шығарылды. Әрі қарай үй жағдайында 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Қазіргі таңда облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болған -1489 азамат, оның 828-і тікелей қарым-қатынаста, 661-і жанама қарым-қатынаста болғандар. Бұған қоса, инфекциялық стационарға 118-і , провизорлық стационарға 43-і , карантиндік стационарға 512-сі , барлығы 673 азамат жіті бақылауда.
Сондай-ақ, соңғы тәулікте қызылорда облысына сырттан 15 азамат келген. Бүгінде барлығы бақылауға алынды. Сала мамандары өзге аймақтан келген азаматтар болса, жергілікті жердегі медициналық ұйымдарға хабарласуларын сұрайды.
Арал аудандық баспасөз қызметі.
14 сәуір 2020 ж. 860 0