Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арман Шораев қамауға алынды

Арман Шораев қамауға алынды

Kyzylorda-news.kz. Арман Шораев қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаменті хабарлады.
Арман Шораевқа қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
«Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген», – делінген аталған хабарламада.
Арман Шораев Қарағанды қаласының аумағында ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Арман Шораев – Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі. Әр уақытта «Хабар» агенттігінің орталық бюросының директоры, «КТК» арнасының бас директоры болған. Президент әкімшілігінде жұмыс істеді. 2005 жылы ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының баспасөз қызметін басқарды. Ол қазақ күресі ұлттық федерациясының президенті де болған.

19 сәуір 2020 ж. 536 0