Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа ойын алаңдары салынады

Қызылордада жаңа ойын алаңдары салынады

Қазіргі таңда тұрғындар өтінішіне сай орындары белгіленіп, құрылыс жүргізетін мердігерлер анықталып жатыр деп хабарлайды baq.kz.

"Хабар 24" арнасының мәліметіне қарағанда, облыс орталығында жалпы 815 көп қабатты үй, 210 аула бар. Соның 140-ы спорт және ойын алаңдарымен қамтылған.
Алайда, балалардың алаңсыз асыр салып ойнауына арналған әткеншек, сырғанақтарды қасақана сындыру және жасанды төсеніштерді жырту деректері тыйылмай отыр. Осы ретте қала әкімдігі жергілікті полициямен бірігіп, бүлдірушілерге қарсы күресті күшейтпек.
Коммуналдық мекеме қызметкерлері қазір бұзылған ойын алаңдарын жаңғыртып жатыр. Жазға дейін майысып, жарылып, морт сынып, балғындар денсаулығына қауіп туғызатын барлық ойын алаңқайлары жөндеуден өткізіледі. Одан бөлек, шаһар көшелері мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары қарқын алады. 
 Қоғамдық көліктер жүретін орындарға қосымша аялдама салу қазіргі таңда жоспарда бар. Бұдан бөлек гүлзар, аллеяларды жаңарту. Ол жақтағы тозығы жеткен қоршау, төсеніштерді ауыстыруды заманауи талаптарға сәйкес жаңа эскиздегі жобаларды жүзеге асыру жоспары қолға алынып жатыр - дейді қалалық ТКШ, Автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысының орынбасарыБіржан Далабаев. 
27 сәуір 2020 ж. 456 0