Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

BAQ.KZ. Жыл сайын бүкіл әлемде 15 мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 

1993 жылдан БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітілген бұл күнді белгілеу – әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Бұл кез-келген мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін  қазіргі қоғамдағы негізгі  іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын көрсетеді.

Үлкенге ізет көрсету мен көп балалы болуды құрметтеу дәстүрі сақталған Қазақстанда жанұяға маңызды орын берілген, өйткені  адамзат пен мәдени құндылықтардың бұлжымас ұясы отбасы болып табылады.

Әлемде отбасының негізгі міндеті – балаларды өсіру, оларға лайықты білім беру және адамзаттың қилы қатынастар әлемінде өз орнын табуға көмектесу, сол үшін отбасы берік және сенімді тірек болуы тиіс деген ұғым қалыптасқан.Отбасы ұрпақтан-ұрпаққа біздіӊ мәдени құндылықтарымызды, ұлттық дәстүрімізді сақтау мен беруге арналған маӊызды орта, сондықтан ол балаларды, қарттарды және мүгедектерді адамгершілік және материалдық тұрғыдан қолдайды.
Халықаралық отбасы күнін өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
https://baq.kz/
15 мамыр 2020 ж. 2 991 0