Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер мен мұғалімдерге «Халық алғысы» медалі берілетін болды

Дәрігерлер мен мұғалімдерге «Халық алғысы» медалі берілетін болды

Kyzylorda-news.kz. Енді дәрігерлер мен мұғалімдерге «Халық алғысы» медалі берілетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев «осы салада ерен еңбек етіп жатқан кәсіби мамандардың жұмысы жоғары бағалануы тиіс» деді. Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов мұғалімдердің мәртебесін биіктету арқылы олардың танымалдылығын да арттыруға болатынын айтып отыр. Осы отырыста оқулық мәселесі де қызу талқыланды.
Президент пәрменімен елімізде сапасыз оқулық әзірлеген ұйымдарға енді қатаң шара қолданылатын болды. Осы ретте білім беру жүйесі де жыл сайын жаңарып жатыр. Мамандар «жаңа әдістеме бойынша оқыту үшін де ұстаздар қауымының біліктілігін арттыру керек» дегенді айтып отыр.
27 мамыр 2020 ж. 738 0