Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауыты салынады

Арал ауданында кальцийленген сода өндіру зауыты салынады

Қызылорда облысында кальцийленген сода өндіру зауыты салынады деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Арал ауданында бой көтеретін нысанның құрылысын «АралСода» ЖШС таяуда бастайды.
Жоба құны 100 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, мұнда 800 адам жұмыспен қамтылады. Өндіріс орны жылына 300 мың тонна өнім өндіріп, ішкі нарықты толық қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Айта кетейік, бұл инвестициялық жоба мемлекеттің индустриаландыру бағдарламасы аясында басталады. Аталған бағдарлама арқасында облыс аумағында 551,2 млрд тенгеге 23 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
04 маусым 2020 ж. 891 0