Аймақ басшысының орынбасары қаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті

Бұған дейін, елімізде жарияланғантөтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру шаралары жеңілдетіліп, бөлінген қаржы көлемдері ұлғайтылған болатын.
Осы ретте, облыс әкімінің орынбасары банк басшыларына өңірімізде шағын және орта бизнестің қаржыландыру жұмыстарын күшейтуге шақырып, жаппай кәсіпкерліктің дамуындағы банктердің ерекше рөлін атап өтті.
Кездесу соңында банк басшыларының назарына қала және аудандардағы инвестиция тартуды қажет ететін 250 жобамен таныстырды және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін қаржыландырудағы белсенділікті арттыруға шақырды.