Жеті рет жараланған жауынгер
Біз – соғыс даласындағы сұмдықты көзбен көрген аталардың ұрпағымыз. Қан майданда қасық қаны қалғанша ел үшін, елдік үшін ерен ерлік танытқан майдангерлердің есімін мәңгілік мақтан етуші буынбыз. Ұрпақтың бостандығын өз басының амандығынан биік қойған аталарға қаншалықты тағзым қылсақ та артық емес.
Менің атам Сүлеймен Қосбаулин де соғыс даласында сарбаздық еткен жандардың бірі. Оның жеңіс алып келген өр рухы мен оқ бораған жау шебіндегі шайқастағы батырлығы мен үшін қашан да ерекше мәртебе. Десе де менің бала күнімде бақилыққа аттанған батыр атамның фашист басқыншыларымен соғыстағы естелік әңгімелері мен ерлігін өз аузынан ести алмағаныма өкінетінмін. Ал ескі газеттердің бірінің сарғайған беттерінде жарық көрген мақаланы оқып, өкінішім сейілгендей болды. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай майданнан елге аман оралып, ауданның дамуына өзіндік үлесін қосқан атам Сүлеймен Қосбаулиннің жауға қарсы тойтарыстары мен мәңгілік айта жүрер ерлігін 90 жылдық тарихы бар жергілікті «Толқын» газетінде тағы бір мәрте жариялауды перзенттік борышым деп санадым.
Батырдың естеліктері
1943 жылдың 12 шілдесі. Түнгі барлау кезінде немістер Десна өзенінен өтіп, арғы бетіне бекініс жасап алғандығын байқадық. Бекіністің мықтылығы сонша, аяқ аттап бастырмайды. Сәл ғана қимылдың өзі өміріңді қиып түседі. Бекіністі күзеткен фашистер аяусыз оқ жаудыруға әзір тұр. Бірақ осыған қарамастан ілгері жылжуымыз керек. Мақсатымыз – қайткен күнде басқыншыларды талқандау. Полк командирі, капитан Харьков бәрімізге:
– Өзеннің арғы бетіне қалайда үш зеңбіректі өткізіп, өзен жағасына орналасқан немістердің алғы шебіне тұтқиылдан шабуыл жасаймыз. Сөйтіп өзімізге қорғаныс аймағын кеңейтеміз. Бұл негізгі күш жеткенше шыдай тұруға көмектеседі, – деді.
Тапсырманың аты тапсырма. Соғыс айласын меңгерген командирдің айтқанын осы түнде іске асырмасақ, кешігеміз. Уақыт өткізбей ағаштан зеңбіректі еркін көтеретін 7-8 сал жасап, өтуге қамдандық. Арғы бетке жақындай бергенде, немістердің үздіксіз атып тұрған снарядтарының біреуі салдың жиегіне тиіп, зеңбірек суға аударылып түсті. Өкініштісі сол, жанымыздағы екі жауынгер табанда мерт болды. Қалғанымыз оларды жиекке жерлеп, зеңбіректі шығарып, ілгері қарай жылжып кеттік. Бізден соң екінші топ өтті. Немістер ракетамен жарық беріп, оқты жаңбырша жаудырғанмен, ержүрек Кеңес жауынгерлері тоқтаған жоқ. Міне, бұл түн есімізден ешқашан кетпейді.
Бірақ бұл қауіптің сейілгені деген сөз емес еді. Негізгі күш көмекке келгенше екі күн бораған оқ пен жаңбырдай жауған снарядтың астында шайқастық. Негізгі күш келіп жеткеннен кейін, неміс басқыншыларын Орел облысының аумағынан қуып, Белоруссияның Могилев облысын жаудан тазартуға қатыстық.
Мұндай ерлікке тек жүректілік қана емес, әскери шеберлік те керек. Мен армия қатарына 1942 жылы 16 мамырда шақырылдым. Курган, онан кейін Челябинск қаласында запас полктің кіші командирлерін дайындайтын алты айлық курстан өттім. Оқуды қысқа мерзімде аяқтап, Калинин облысынан бір-ақ шықтым. Батыс майданының отызыншы дивизиясының 1320-шы полкінде артиллерист болдым. Соғысқа да алғаш осы жерде араластым. Кейін Ржев, Орел, Курск шайқастарының бел ортасында болып, Брянск қаласын және жүздеген деревняны басқыншылардан азат еттік. Міне, осындай шеберлік Десна өзенінен өтерде көп көмек болды, – делінген келтірген деректерде.
Соғыс даласында 7 рет жараланған атам 10-15 күнде жазылып, қайтадан қатарға қосылып отырған. Сондай кескілескен ұрысқа толы күндердің бірінде, Сож өзенінен өтерде немістер құрған тұзаққа тап болады. Айлаға салған фашистік әскерлер 1320 полкті өзеннен үн-түнсіз өткізеді де, лап қояды. Ойлары – өзенге батырып, құртып жіберу. Олар соғысқа «тигрді» пайдалана отырып, алғы қатарға танктерді қойып, соңына жаяу әскерлерді ертеді. Өздеріне өте сенімді қимылдап, шабуылға кіріседі. Бөлімше командирі, лейтенант Бурье (ұлты – беларусь) немістердің қарсы шабуылға шыққанын хабарлап, бірде-бір танкті ілгері жібермеуге бұйрық береді. Сол кезде мынадай бір қызық оқиға болады. Әбден еркінсіп алған «тигрдің» командирі танктен кеудесіне дейін шығып, бинокльмен жан-жағын еркін барлап келе жатқан. Онымен бірге тағы 7 танк келе жатты. Капитан Харьковтің өзі көздеушінің орнына жата қалып, әлгі «менменді» жайратады. Мұның өзі жауынгерлерге күш-қайрат береді. Мұны өзі де сезгендей жігерлендіру үшін жалынды сөздермен:
– Менің ержүрек ерлерім, бір сүйем де шегінбеңдер, танкті дәлдеп атып құртыңдар, – деп бұйрық береді. Құрамында орыс, украин, беларусь, қазақ, татар және де басқа он шақты ұлттың өкілдері бар олар тапсырманы мүлтіксіз орындап, жеңіске жетеді.
Содан кейін Сүлеймен атам Шығыс Пруссияға бұзып кірген ІІІ Беларусь майданы 10-шы артиллерия дивизиясының 158-ші атқыштар бригадасының құрамында Кенисбергті алуға қатысады. Бірақ соғыстың соңғы жылында 25 наурызда алған ауыр жарақатынан Каунас қаласында емделіп, туған елге аман оралады.
Майданнан келген соң, аудандық қаржы бөлімінде, аудандық сақтандыру инспекциясында қырық жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарып, омырауында жарқыраған І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен ондаған медальдың қатарын СССР және Қазақ ССР Қаржы министрліктері мен Орталық мемлекеттік мекемелері кәсіподақтары президиумының Құрмет грамотоларымен толықтырды.
Иә, бүгінде арамызда болмаса да, кеудесінде ордендер толы суретінің өзі біз үшін зор мәртебе, мәңгілік мақтаныш.
Балалары бейбіт күн, таңға асығар,
Кешегі ерлік бітпейді, жалғасы бар.
Жанып-өшкен сан ғұмыр, сұм соғыстың,
Тарихымда ғасырлық таңбасы бар.
Таңбасы бар. Санадан өшпейді ізің,
Төсіңде тұр талайы төсбелгінің.
Қызыл қанға боялған атыраптар,
Қызғалдаққа айналды төскей бүгін.
Борыштарлық құрметі, ниеті де,
Тоғысқандай бір арна, бір түйінге.
Аталарға тағзым ет «мәңгі алауда»,
Аунап түсіп жатсын бір «мәңгі үйінде».

Шыңғыс ҚОСБАУЛИН