Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Симптомды 18, симптомсыз 56 жағдай тіркелді

Коронавирус: Симптомды 18, симптомсыз 56 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 615, ал симптомсыз - 416 азамат. Ал індеттен айығып шыққандар саны 565 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.«Симптомды жаңа 18 жағдайдың 18-і скринингтен анықталса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 56 дерегі тіркелді. Оның 26-сы скринингтен, 9 науқас ақылы сынама тапсырғаннан, 21-і қарым-қатынас арқылы жұқтырған»,- деді Жақсылық Абдусаметов.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған - 6858 азамат анықталды. Оның ішінде, 4402-і тікелей қарым-қатынаста, 2456-ы жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.


26 маусым 2020 ж. 324 0