Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 туристік нысан іске қосылады

Қызылордада 2 туристік нысан іске қосылады

Биыл жыл соңына дейін 2 туристік нысан іске қосылады. Олар Арал және Жаңақорған аудандарында орналасады деп жоспарлануда.Бұдан бөлек, Қармақшы ауданы, Төретам кентінде этно-саябақ жобасының жер телімі белгіленіп, сметалық-құжаттары әзірленуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақта ішкі туризмді дамыту мәселесі кеңінен қолға алынуда. Өңірде 29 туристік нысаннан 83 инфрақұрылымдық мәселе анықталып, кезең-кезеңімен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020-2021» бағдарламасына енгізу бойынша шаралар қабылдануда», – деді Фердоуси Әбілқасымұлы
Қазіргі таңда туристік нысандар бойынша облыста 109 қонақ үй, 3 шипажай, 4 жағажай, 11 демалыс орны, 12 туристік фирма және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойында 30 сервистік қызмет көрсету кешені бар. Сонымен қатар, өңірімізде халықаралық,республикалық, облыстық, жергілікті маңызы бар 545 тарихи-мәдени нысан тіркелген.
kyzylorda-news.kz
29 маусым 2020 ж. 873 0