Бірлескен әрекет бәрін еңсереді

Қабылданған сақтық шаралары мен медицина қызметкерлерінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны көбейіп келеді. Өкінішке орай, бұл індеттің салдарынан қаншама атпал азаматтарымыздан, тұрғындар жақын-жуықтарынан айырылуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты жасаған үндеуінде 13 шілдені – індеттен қаза болғандардың рухына арнап Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Соған сәйкес, еліміздің Мемлекеттік Туы төмен түсірілді. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылды.

Дерттен көз жұмған азаматтарымыздың жақын-жуықтарына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамын! Халқымыз аман, жанжағымыз түгел, жақындарымыз әрдайым жанымызда болсын. Жаратушы иеміз елімізді бәле-жәледен сақтасын. Енді тарихымызда мұндай қаралы күн орын алмасын деп тілеймін. Бірлескен іс-әрекетімізбен бұл қиындықты жеңетін боламыз.
Жұмабай ЖАҚЫП,
Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы