Қайырымды жандардың жарқын ісі

Сексеуіл кентінің жастары індет іргемізге келгеннен бастап, қауіпті кеселмен күрес жұмыстарын жүргізді. Қайырымдылық пен ізгі бастамалардан шет қалған жоқ. Төтенше жағдай кезінде қамыққан отбасыларға қолғабыс етті. Кешегі індет кең етек алып, көп адамның қос өкпесіне дем жетпеген уақытта тынымсыз жүріп оттегі баллондарын жеткізді. Жұтым ауаға зар болған науқастардың жанынан табылып, ақ халатты абзал жандардың көмекшісіне айналды. Олардың жанкешті еңбегіне кент тұрғындарының айтар алғысы зор. Сексеуіл ауылдық ауруханасының меңгерушісі Динара Битуғанова жастардың және кәсіпкерлердің, сыртта жүрсе де туған жеріне жанашыр азаматтардың арқасында біраз адам жазылып шыққанын айтады.
– Ауыл тұрғындары бірліктің үлгісін көрсетіп келеді, соның арқасында қауіпті кеселді әлсірете білдік. Мен және менің әріптестерім күніне 2-3 сағат қана ұйқымен жүріп, науқастарды бақылаумен өткен күндеріміз болды. Осындай қиын кезде оттегі баллондарынан тапшылық көрсетпей, жан-жаққа сұрау салып, уақытында тауып беріп отырды. Осының арқасында біраз емделушінің беті бері қарады, – дейді.
Атап айтсақ, алыста жүрсе де, туған жерін ұмытпай, көмек қолын созған «Тараз» құрылыс компаниясының директоры Тимур Манашевтің ұйымдастыруымен кардиохирургиялық орталықтың «Жүрек» атты қайырымдылық қорынан 1миллион 700 мың теңге көлеміндегі қаржыға дәрі-дәрмек, медициналық маска, қолғап жеткізілген. Сондай-ақ Арал аудандық орталық ауруханасынан 2 оттегі концентратоты берілді. Ал ауыл еріктілері мен кәсіпкерлері өздері ұйымдаса отырып, 2 оттегі концентраторын сыйлаған.
Ізгілік іздеуші азаматтар барда қандай қиындықты да оңай еңсеруге болады. Осындай жылы жүрек жандар қоғамның қозғаушы күшіне айнала білсе, індет те іргесін аулақ салар. Бірлігімізді бекемдей түсу – жеңісті жақындатар жарқын қадам.