Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық мамандықтың студенттері барып оқитын болды

Медициналық мамандықтың студенттері барып оқитын болды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында медициналық мамандықтың студенттерінен басқалары қашықтан оқитынын айтты.
Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі.
Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлар (70%) онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтар (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады. Ал болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүретін болады, - дейді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, осы берілген бағдардың шеңберінде әрбір ұйым өздері дербес шешім қабылдайтын болады.
Оқу жылын бастау үшін қажетті нормативтік-методологиялық құжаттарды қабылдау өте маңызды. Тиісті құжаттар толығымен дайын. Қашықтан оқыту технологияларын қолдану және оқыту форматтары бойынша егжей-тегжейлі және қадамдық нұсқаулықтар әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарының қызметін жүргізудің санитарлық талаптары да әзірленді. Қашықтан оқыту кезінде оқу процесінің принциптері мен технологиялары сәйкесінше өзгереді. Осыған байланысты 4-тоқсан тәжірибесін ескеріп, бағалау нормаларын, оқыту әдістемесін өзгерту және кері байланысты жүзеге асыру бойынша да бірқатар жұмыс жүргізілді. Шілде айынан бастап облыстық Білім басқармаларымен, аудандық, қалалық бөлімдермен және әдістемелік кабинеттермен қашықтан оқыту жүйесінің негізгі бағыттарын түсіндіру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі форматқа көшу бойынша күнделікті вебинарлар өткізіліп келеді, - дейді министр.
Оның айтуынша, жеке кесте бойынша барлық 7 мыңнан аса қазақстандық мектеп директорына, олардың 12 мыңдай орынбасарына және 2 мыңға жуық әдіскерге қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша түсіндіру семинарларын өткізген.
Бұл жұмыс әлі жалғастырылады. Еліміздің барлық мұғалімдері үшін жеке графикпен біліктілікті арттыру курстарын бастадық. Олармен мұғалімдер 100 пайыз қамтылатын болады.
Ата-аналар мен оқушылар үшін әдістемелік қолдау көрсету маңызды. Сондықтан тамыз айында балаларға және ата-аналарға "Үйде қалай оқу керек?" "Гигиена негіздері", "Кибермәдениет", "Интернет арқылы қалай оқу керек?" , "Дене жаттығуларының маңызы" бірыңғай сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары өткізіледі, - дейді Асхат Аймағамбетов.
baq.kz
07 тамыз 2020 ж. 654 0