Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Әкім грантына кім үміткер бола алады?

Қызылорда: Әкім грантына кім үміткер бола алады?

Қызылорда облысы әкімінің грантына 9 санат бойынша үміткерлер тағайындалады. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Атап айтқанда:
1. Балалар үйінің тәрбиеленушілері (Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің түлектері)
2. Мүгедектігі бар балалар;
3. Жетім балалар;
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
5. Асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары;
6. Ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары;
7. Ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар;
8. Көп балалы отбасылардың балалары;
9. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар құжаттарын тапсыра алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжат қабылдау үстіміздегі жылдың 12-20 тамыз аралығында аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі. Тапсыратын құжаттар тізбесін осы бөлімдерден алады. Грантты тағайындау туралы шешімді конкурстық негізде жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
«Ең басты шарт – балалар Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығы», «Ветеринарияға» –60 балл, «Педагогикаға» –70 балл, «Медицинаға» –65 балл болуы керек. Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау отбасының өткен тоқсандағы табыстарын ескере отырып жүргізіледі»,-деді Талғат Дүйсебаев.
Оқу грантына байланысты сұрақтарыңыз болса, 8(7242) 27-01-11 телефонына хабарласуға болады.
kyzylorda-news.kz
13 тамыз 2020 ж. 516 0