Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер де «Дипломмен ауылға» баратын болды

Мемлекеттік қызметшілер де «Дипломмен ауылға» баратын болды

Енді «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кент және ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері де қатыса алады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев брифингте мәлімдеді.
2020 жылғы 3 шілдеде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, 1 кодекс пен 5 заңға өзгерістер енгізілген.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне «Дипломмен ауылға» бағдарламасының игілігін көру мүмкіндігі жасалып отыр.
Тағы бір жаңа өзгеріс «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві жойылады.
«Басты өзгерістердің бірі мемлекеттік қызметке кіру үшін конкурстық рәсімдер оңтайландырылды. Атап айтқанда, конкурстық іріктеу 3 кезеңнен 2 кезеңге қысқартылды. Яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс пен жалпы конкурс біріктірілді», – деді Н.Талқанбаев.
Осы кезге дейін конкурстардың үш түрін өткізу бос орындарды толтыру үшін көп уақытты талап ететін. Бос лауазымдарға орналасу конкурстарының барлық кезеңдерін өткізу үшін 50 жұмыс күніне дейін созылатын, ал қазіргі уақытта бұл рәсім 15 жұмыс күніне дейін қысқартылған.
kyzylorda-news.kz
13 тамыз 2020 ж. 1 196 0