Әліппе қашан енгізілетіні белгілі болды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әліппе мектеп бағдарламасына келесі жылдан бастап қосылатын айтты. Бүгінде білім министрлігі жоғалған әліппенің әдістемесін дайындап, мемлекеттік стандартқа енгізген, деп хабарлайды ktk.kz.
"Біріншіден, мемлекеттік стандартқа енгізілді. Ол Әділет органдарында тіркелді. Қазір бағдарламаны дайындап, бекітуге дайынбыз. Бұл бағдарлама ең бастысы Ахмет Байтұрсынов – үлкен ғұламамыздың әдістемесі негізінде болады. Бірақ әдістеменің негізінде деген сол жылдардағы әріптермен, тек қана сол негізде болады деген сөз емес. Ең бастысы – әдістемесі", - деді министр.
Бес жылдан кейі қайта енгізілетін оқулықты әзірлеуге ғалымдар ат салысқан.
Олар бағдарламаны Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде қазақ тілінің өзіне тән қасиеттерін ескеріп жасаған. Келесі жылдан бастап бірінші сыныпқа баратын оқушылар бірінші және екінші тоқсанда әліппені, ал үш пен төртінші тоқсанда ана тілін оқиды.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мектеп табалдырығын аттаған балалардың деңгейі әртүрлі болғандықтан, әліппе мазмұны жағынан қарағанда балаларға тиімді болады.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР БҒМ тиісті бұйрығына қол қойылып және әділет министрлігінде тіркелгенін мәлімдеген. Сондай ақ, әліппе тиісінше, орыс және басқа да оқыту тілдеріндегі сыныптарда да енгізілетіні айтылған.