Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 148 талапкер әкім грантын иеленді

Қызылордада 148 талапкер әкім грантын иеленді

Биыл Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін 150 білім гранты бөлінді, нәтижесінде 148 талапкер грант иегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.
«Облыс әкімінің грантына 183 үміткердің өтініші қабылданды. Қабылданған өтініштер аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктері жанына құрылған арнайы комиссиялардың отырыстарында қаралып, нәтижесінде барлығы 148 грант иегерлері анықталды. Атап айтқанда, 76-ы көп балалы, 43-і тұрмысы төмен, 13-і асыраушысынан айырылған отбасына, 7-і ата-анасының біреуі мүгедек, 3-і «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, 3-і мүгедек балаға, ал қалған 3-еуі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. Сондай-ақ, 2 үміткер мемлекеттік грантты иеленуіне байланысты бас тартты», – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.
kyzylorda-news.kz​​​
28 тамыз 2020 ж. 783 0