Мұғалімнің мерейін өсірді

Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет деген Мемлекет басшысы сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек екендігін атап өтті. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне әзірленген жөн. Бұл әсіресе мектеп үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет, деді.
Оқу жылының басында білім саласы қызметкерлеріне қуаныш сыйлаған тағы бір жағымды жаңалық – жалақының 25 пайызға артуы болды. Жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауының бір бағытын білім саласына бағыттайтын Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің мәртебесін биіктетті. Қоғамдық ортада педагогтердің мерейін үстем етіп келеді. Мемлекет тарапынан осындай қолдау көрсетіліп, үлкен сенім артылып тұрған шақта білім саласы қызметкерлері де шәкірт тәрбиелеу ісінде кенже қалмайды деп білемін.
Бүгінгі білім беру жүйесі өзгергенмен, білім сапасы құлдырамауы үшін барынша тырысып жатырмыз. Оқушыларды ынталандыру мақсатында түрлі танымдық, зерттеушілік жұмыстар ұйымдастырудамыз. Бүгінгі Жолдаудағы қозғалған мәселе мен қолдаулар бізді одан әрі қанаттандыра түсті.
Жанар Құрманәлиева,
Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназия
директорының орынбасары