Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі емхана жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі емхана жұмысымен танысты

 Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты А.Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гиният 3 қалалық емханаға ат басын бұрды.
Меймандар мұнда патронаждық қызметтің жұмыс барысымен танысты.
Патронаждық қызмет емханада 2016 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Әмбебап прогрессивті модель бойынша дені сау балаларға және жүктіліктің 12-32–ші аптасындағы дені сау әйелдерге патронаж жасалынады. Патронаж жасаудағы мақсат-сол отбасындағы сәбидің, жүкті әйелдің психологиялық, эмоционалды, әлеуметтік және медициналық тұрғыда саулығын қорғау. Егер осы мәселелерге байланысты сол үйде қандайда да бір шағым туындайтын болса соны шешуге атсалысу. Патронаж қызметінің аға медбикесі Ақмарал Исамбекова мәртебелі меймандарға жұмыс барысын баяндады.
Вице-министр сонымен қатар потранаждық медбикенің көмек көрсету сөмкесіндегі алғашқы көмек көрсетуге жалпы бала мен әйелге жасалатын көмекке керекті медициналық жабдықтармен танысты.
Халық қалаулысы А.Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі А.Гиният мұнан соң, жалпы тәжірибелік бөлім жұмысымен танысты. Қауіпті індетпен күресті бәсеңдетпей, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жиі өткізу қажеттігін алға тартты.
Айта кетейік, емханада барлығы 3 жалпы тәжірибелік дәрігерлік бөлімше жұмыс істейді.
kyzylorda-news.kz
09 қыркүйек 2020 ж. 657 0