Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШӨМІШ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АУЫЗ СУ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

ШӨМІШ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ АУЫЗ СУ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛУДА

Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекенінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ішкі су желісін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған елді мекенде болып, ауыз су құбырын тарту жұмыстарымен танысып шықты. Құрылыс жұмыстарын жеңімпаз боп танылған мердігер – «Строй Дос KZ» ЖШС жүргізуде.
Шөміш елді мекені бойынша 5,7 шақырым ішкі су құбырлары тартылып, 50 м3 су мұнарасы орнатылып, 112 тұрғын үйге және әлеуметтік нысандарға ауыз су құбыры су есептегіш құрылғысымен қондырылатын болады.
Қазіргі таңда магистарльды су құбыры монтаждалатын 5 шақырым жер қазылып, тозығы жеткен ескі су сорғы стансасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін ішінара бұзу жұмыстары жүруде.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
23 қыркүйек 2020 ж. 1 361 0