Ауыз су мәселесі оң шешімін тапты

Сондай-ақ, Бөген ауылдық округіне қарасты Қарашалаң елді мекеніне ауыз су құбыры тартылып, Камыстыбас елді мекеніндегі лагерь насосты стансасына, Райым елді мекеніндегі насос стансасына күрделі жөндеу жүргізілсе, Ақбасты елді мекеніне су тұщытқыш қондырғы алынып берілді.
Арал қаласының № 1 ықшам ауданына және Шөміш елді мекенінің ауыл ішілік су желісінің құрылысын жүргізу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуге аудандық бюджеттен 18,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.