Еліміздің 7 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Ертең, 25 қыркүйекте Қазақстанның 7 облысында жел мен үсікке байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.
Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысында солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 17 метрге жетеді.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыс және солтүстіктен жел соғып, кей жерлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағандыда да тұман түседі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Түнде кей жерлерде ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
25-27 қыркүйек аралығында түнде Қызылорда облысында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Сонымен қатар, 24-26 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, ағын су жүруі ықтимал.