Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды

Қызылордада сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралды

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, деп хабарлады Egemen.kz.

Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов 8 айдың қорытындысы туралы, ал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев «Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандыру» пилоттық жобасының орындалу барысын баяндады.
Хабарламадан кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік орган жетекшілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру және азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін, тұрмыстық жемқорлықты жою, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу заңнамаларының қатаң сақталуын, талдау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттарын нақты айқындады.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілердің заңды мүдделерінің қорғалуына баса назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті.
https://baq.kz/
01 қазан 2020 ж. 581 0