Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДӘСТҮРІМІЗГЕ САЙ ЗАҢНАМА

ДӘСТҮРІМІЗГЕ САЙ ЗАҢНАМА

Бітімге шақыратын жүйені одан әрі насихаттау мақсатында «Медиацияны халық арасында ілгерілету: өзекті мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында жиын болып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішевтің төрағалығымен өткен басқосуға аудандағы кәсіби медиатор, кәсіби емес медиаторлар, аудандық ішкі саясат бөлімі мен “Қоғамдық келісім” орталығының қызмет- керлері қатысты.
Сөз сөйлеген Арал аудандық сотының судьясы Нұржан Бекетаев дауларды соттан тыс реттеу тәсілдерін жетілдіру және сотқа дейінгі дауларды оңтайландыру төңірегінде кеңінен баяндама жасап, медиаторлар тарапынан ше- шімін тапқан жұмыстардың да аз еместігін атап өтті.
–Статистикалық мәліметке қарасақ, Арал аудандық сотында медиация тәртібімен 2015 жылы 30 қылмыстық іс, 86 азаматтық іс, 2016 жылы 35 қылмыстық іс, 66 азаматтық іс және 4 әкімшілік іс шешімін тапса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 39 қылмыстық, 176 азаматтық және 94 әкімшілік іс жабылды. Үстіміздегі жылы да медиаторлар тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл істердің шешімін табуына кәсіби медиатор Бұйрабай Бердалиевтің еңбегі зор,–деді.
Сонымен қатар, қазақылығы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарды сақтаған Қызылорда облысы пилоттық аймақ ретінде таңдалғанына да тоқталды.
Мұнан соң, ауданымыздағы кәсіби медиатор Бұйрабай Бердалиев атқарған жұмыстарына шолу жасады.
Жиын соңында кәсіби емес медиаторлар тарапынан «арнайы куәлік берілсе, қызме- тіміздің жүйелі атқарылуына көмек болар еді» деген ұсыныс айтылды.
Қатысушылардың көкейдегі сауалдары тыңдалып, ұсыныс- пікірлері негізінде алдағы уақытта жұмыс жасалатыны мәлімделді.
«Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» дейді қазақ. Ашынғанға басу айтып, қателескеннің қатесін түзеуіне, талай отбасылық кикілжіңнің де шешімін табуы жолында сауапты іс атқарған жандардың еңбегі қашанда маңызды деп білеміз.
О. ЖЕКСЕМБАЙҰЛЫ.
20 сәуір 2018 ж. 827 0