Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитыны туралы шешім қабылданды

Екінші тоқсанда оқушылардың қалай оқитыны туралы шешім қабылданды

Ведомствоаралық комиссия оқушыларды екінші тоқсанда оқыту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Екінші тоқсаннан бастап қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа 300-ге дейін оқушы санымен көшіру тапсырылды.
Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етіледі.
"Бұл ретте санитарлық-дезинфекциялық, маскалық режимді, шахмат түрінде отыруды және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, облыс әкімдеріне мектептер мен медициналық ұйымдарда санитарлық режимді сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жеке бақылауға алуға тапсырма берілді.
Еске салсақ, бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Онда қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеулер бойынша жаңа шешімдер қабылданды. Атап өту керек, ұжымдық намаз оқуға рұқсат етілді.
stan.kz
27 қазан 2020 ж. 584 0