Ауданның үздік мұғалімі анықталды

Бұл, әрине, елімізде болып жатқан ахуалға қарамастан қашықтықтан оқыту үрдісі қарқынды жолға қойылғаны мәлім екенін ескерсек, аудан мұғалімдерінің мұндай марапатқа иеболуы үлкен еңбектің жемісі екендігін көрсетеді.
Аудан мерейін өсірген қызметкерлер: білім бөлімінің әдіскері Жәнібек Әлжановті, №14 мектеп-лицейінің жүйетехнигі Руслан Турежанов, №62 мектеп-лицейдің менеджері Гулжайна Даримбетова, №19 орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі Айбарша Батыркулова, №2 дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың жүйетехнигі Қараман Садықовты аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Нұрқожақызы бөлім атынан бағалы сыйлықтар табыстап, облыстан келген «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 23 қазанында өткен Қазақстан Республикасы Оңтүстік өңірлеріндегі жетекші мектептердің арасында өткен «ЖАҢАРУ ЖАРШЫСЫ - 2020» II аймақтық форумында «Үздік жетекші мектеп -2020» байқауынан Қызылорда облысынан қатысқан 56 мектептің ішінен үздік шығып, Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейі бас жүлдеге ие болып, Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы І орынды қанжығасына байлады.
Осы орайда, бөлім басшысы ауданымыздың білімін өрге сүйреп келе жатқан жетекші мектептердің директорларына арнайы білім бөлімі атынан «Құрмет грамотасын» , естелік сыйлықтар табысталды.