АТ ЖАРЫСЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Ұлттық ат спорты додасына облысымыздың 7 ауданы мен Қызылорда қаласының сәйгүліктері қатыстырылды.
24 шақырымдық аламан бәйгеде Шиелі ауданы, Балаби ауылының «Қарашық» есімді қара аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгеге тігілген «500 мың» теңгені ұтып алды. Осы ретте, аламан бәйгенің жүлдесін аудан әкімі М.Оразбаев табыс етті.
Сол сияқты 16 шақырымдық топ бәйгеде 14 тұлпардың ішінен Қызылорда қаласы, Қоғалыкөл ауылының «Интерн» есімді күрең аты топ жарса, Арал ауданы, Аралқұм ауылынан қосылған «Сұлтан» есімді тұлпары құнан бәйгеде 10 шақырымды басқалардан бұрын бағындырды. Ал, тай жарыстың бас жүлдесі Арал ауданы, Аралқұм ауылының «Астра» есімді жүйрігіне бұйырды. Жалпы бүгінгі бәйгенің жүлде қоры 2 млн 220 мың теңгені құрады.
