Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың 6 желтоқсан – ҚР Прокуратурасы күніне арнаған құттықтауы

Арал ауданы әкімі Мұхтар Оразбаевтың 6 желтоқсан – ҚР Прокуратурасы күніне арнаған құттықтауы

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері!
Сіздерді 6 желтоқсанда атап өтілетін кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Қазақстан прокуратурасына - 29 жыл толып отыр. Яғни, 1991 жылдың 6 желтоқсанында, ел тәуелсіздігімен қоса Қазақстан прокуратурасының да негізі қаланған болатын.
Мемлекет билігі органдары жүйесінде Прокуратураның алар орны қашанда ерекше. Сондықтан да, Прокуратура күні — Қазақстан Республикасындағы ресми түрде анықталған кәсіптік мерекелердің бірі болып табылды.

Бұл салаға әрине, Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау сынды маңызды міндеттер жүктелген. Әрі, Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналатынын баршамыз жақсы білеміз. Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.
Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар. Осындай маңызды мәселелерді шешу қызметкерлерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық және жауаптылықты талап етері хақ.

Бүгінде ауданымыздағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтау көбінесе сіздердің жұмыстарыңыздың түбегейлі бағдарына байланысты екендігін де атап өтпеуге болмайды.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Тәуелсіз еліміздің прокуратура саласындағы жауапты қызметтеріңізге жеміс, әрқашан биік тұғыр тілеймін!

Әрдайым дендеріңіз сау, шаңырақтарыңыз шаттыққа, береке-бірлікке толы болсын!
Ізгі ниетпен, аудан әкімі М.Оразбаев.

05 желтоқсан 2020 ж. 1 948 0