Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлшара Әбдіқалықова ЕҚҚДБ Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасарымен кездесті

Гүлшара Әбдіқалықова ЕҚҚДБ Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасарымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасары Бахтиер Файзиев және жетекші банкир Владимир Сидоренкомен кездесті.
Кездесуде ЕҚДБ-мен бірлесіп іске асырылатын жобалардың жұмыс барысы және болашаққа жоспарлар талқыланды.
«Әріптестерімнің атынан біздің облыс үшін маңызды жобаларды іске асыруда қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде біз өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бүгін сіздермен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруды – Қызылорда ЖЭО жаңғырту және кеңейту, Қызылорда қаласындағы биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру мәселелерін талқылағымыз келеді. «ЖЭО жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жоба екі кезеңнен тұрады: КОГТЭС (когенерациялық газ турбиналық электр станциясы) құрылысы және су жылыту қазандығының құрылысы. Біз жалпы сомасы 9 млрд теңгеге ЕҚДБ арқылы кредит беру жолымен КОГОЭС-ті жаңғыртуды жүзеге асыруды ұсынғымыз келеді. Негізгі қарызды «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС есебінен өтеу механизмі бар, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалқова.
Бүгінгі күні Нарық Кеңесінің қорытындысын алу үшін тиісті құжаттарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нарық Кеңесіне 2021 жылғы 1 ақпанға дейін осы инвестициялық бағдарламаны әзірлеу кезінде жүргізілген тәуелсіз техникалық және қаржылық аудиттердің нәтижелері бар инвестициялық бағдарламаны ұсыну қажет.
«Биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру» жобасы бойынша да мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар, жобаның құны – 2,8 млрд теңге. ЕҚДБ-мен бірлескен жоба үшін бұрын бөлінген қаражатты пайдалана отырып, жобаны іске асыруға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі алынды.
Айта кету керек, ЕҚҚДБ-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Қызылорда қаласында жылумен жабдықтау жүйесін салу және қайта жаңарту, сумен жабдықтау су жүйелерін салу және қайта жаңарту мен электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жобалары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, келісім-шарт бойынша несиелер төленіп жатыр.
Кездесу барысында ЕҚҚДБ Қазақстандағы өкілдігі директорының орынбасары Бахтиер Файзиев көтерілген мәселелерді қолдап, Қызылорда облысы инвестициялық тиімді өңір екенін атап өтті. Жетекші банкир Владимир Сидоренко да өз ұсыныстарын жеткізді.
Қырытындылай келе өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова одан әрі ынтымақтастықты дамыту туралы ұсыныс айтып, Бахтиер Файзиевке жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келгені үшін алғыс білдірді.
kyzylorda-news.kz​​​
23 желтоқсан 2020 ж. 360 0