Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » М. Оразбаев "Жылдың үздік аудан әкімі-2020" атанды

М. Оразбаев "Жылдың үздік аудан әкімі-2020" атанды

Qyzylorda тобында "Қай ауданның әкімінің жұмысы жоғары бағаға лайық?" деген сауалнама жарияланған болатын. Алты күн бедерінде дауыс берілді. Топта 7680 желі қолданушы бар. 133 репост жасалуы нәтижесінде сауалнама 18 мыңнан астам азаматтың назарына іліккен, - деп жазды өз парақшасында Үйтолған Жареке.
Оның айтуынша сауалнамаға 1970 адам белсенділік танытып дауыс берген. 987 лайк басса, 653 пікір білдірген. Нәтиже бойынша аудан әкімдерінің алғашқы үштігін Арал, Жаңақорған, Жалағаш аудандарының әкімдері бастап тұрды. 
Бұл сауалнама өзі басқарып отырған халықтың оң баға, разы көзқарасына ие болып, 2020 жылы аудандағы ілкімді істерімен, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығымен ерекшеленген әкім ел назарында екендігін көрсетті.

Qyzylorda тобында жарияланған сауалнама нәтижесі бойынша "Жылдың үздік аудан әкімі-2020" мәртебесі аудан әкімі Мухтар Оразбаев бұйырды. 
Айта кету керек, 
ауданда ағымдағы жылы 33 көше жөнделді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 100 ге жуық азамат грант алып,кәсіп бастады. 374 жаңа бизнес идеялар қайтарымсыз грантпен қаржыландырылды.Мал шаруашылығында да серпін бар. 900-ге жуық шаруа қожалығы ата кәсіпке ден қойды. Бастысы, аудандағы қоғамдық саяси ахуал тұрақты.
Аудан әкімі М. Оразбаевты мерейлі белесімен құттықтаймыз!
Н. Маратқызы
31 желтоқсан 2020 ж. 815 0