Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » «ДӘУІРДІҢ ҰЛЫ ӘНШІЛЕРІ»: ДИМАШҚА ДАУЫС БЕРЕЙІК!

«ДӘУІРДІҢ ҰЛЫ ӘНШІЛЕРІ»: ДИМАШҚА ДАУЫС БЕРЕЙІК!

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы танымал интернет алаңдарының бірі - Ranker-дегі «The Best Singers of All Time» (Дәуірдің ұлы әншілері) дауыс жинау сайысында үздік 40 әншінің қатарында келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ranker түзіп отырған рейтинг уақытты талғамай әлемнің ең үздік әншісін таңдауды көздеп отыр. Аталмыш интернет алаңда бұл сауалнама жыл сайын өткізіледі. Әзірге рейтингтің үздік бестігін Фредди Меркьюри, Майкл Джексон, Уитни Хьюстон, Элвис Пресли мен Фрэнк Синатра бастап тұр. Уақытты талғамай үздік әншіні анықтамаққа бекінгендер рейтингке қазіргі танымал әншілермен бірге өмірден өтіп кеткен орындаушыларды да енгізген. Үздік әншіге дауыс беру үшін мына сілтемеге өтіп, ұнаса жоғары белгіні, ұнамаса төменгі белгіні көрсетуге болады. «Бұл тізім әлемнің ең ғажайып музыканттарын қамтиды. Бүкіл дәуірдегі ең үздік әнші ретінде кімді нұсқар едіңіз? Ұнаған әншіңізге дауыс беріңіз», - делінген сауалнама жазбасында. Орталығы Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында орналасқан әлемнің ірі цифрлы медиа-компанияларының бірі «Ranker» интернет-алаңына жыл сайын 49 миллионға тарта адам кіреді. Сайтта осыған ұқсас рейтингтермен бірге, спорт, сауда маркалары мен мәдениет саласында да жыл сайын сауалнама жүргізеді.

Осы ретте талантты қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновке бір кісідей дауыс беріп, үздіктер қатарынан көрінуіне үлес қосайық!

https://www.ranker.com/crowdranked-list/20-greatest-singers?ref=search

syrboyi.kz
16 қаңтар 2019 ж. 954 0