Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алик Шпекбаев «Жыл тұлғасы» атанды

Алик Шпекбаев «Жыл тұлғасы» атанды

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен «Жыл тұлғасы» номинациясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа берілді. 

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылы құрылған қоғамдық бірлестіктің номинациялары мемлекет қайраткерлері мен шығармашылық интеллигенция өкілдерінің елдің мәдени және әлеуметтік-саяси өміріндегі елеулі жетістіктері үшін беріледі.
Қоғамдық бірлестік төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгелдің ақпаратына сәйкес, Алик Шпекбаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қала, аудан, ауылдық әкімдіктерді сервистік үлгіге толығымен көшірудегі қомақты үлесі, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға белсене қатысу, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тұтынушыға бағдарлануын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Адалдық алаңы» жобасын насихаттау, қоғам пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналған «Antikor Ortalygyn» ашу, сонымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамаларды іске асыру және т.б. бірқатар бастамасы үшін марапатталған.
Осыған дейін бұл номинацияға Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және басқа да танымал ақын-жазушылар ие болған. 
Қоғамдық бірлестіктің мақсаты – халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу.
baq.kz
06 қаңтар 2021 ж. 719 0