Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оң өзгерістер күтеміз

Оң өзгерістер күтеміз

2020 жыл тарих қойнауына аттанды. Жаман жыл болды деуден аулақпын. "Жылдың жаманы жоқ" демей ме?! Елдегі, әлемдегі ахуалға қарамастан біздің ауданда көптеген мәселелер шешімін тауып, табысты түйінделді. Бұған ел куә. Ақпарат құралдары арқылы бізге жеткен ақжолтай жаңалықтар дәлел.
Жаңа жылдың алғашқы он күндігі саяси додамен түйінделгелі тұр. Бұл елге үміт, көңілге сенім орнататын бәйге. Халық үшін қызмет етуге дайын халық қалаулыларын анықтайтын күн. Елдің ертеңін нұрлы болашаққа бастайтын партияны таңдайтын сәт. Елдегі оң өзгерістерге ықпал етудің жолы.
Биылғы Сайлаудың міндеті осындай. Мемлекет басшысы  ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қоя отырып алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді деген. Президент пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келетінін, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал ететінін, саяси партиялардың жұмысын жандандыратынын айтқан болатын. Қазірдің өзінде бұл сөздің растығына көзіміз жетті. Партиялардың сайлауалды бағдарламасы бізге соны көрсетті. Мен де барша қазақстандықтар сияқты додаға ел дамуы жолында жүйелі жұмыс істеуге ниетті барлық партияның бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымды жасадым. Алдағы уақытта партиялардан нәтиже күтемін.

Жұмабай Жақып,
зейнеткер
10 қаңтар 2021 ж. 674 0