Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске 9 депутат сайланды
Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткерлер:
Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
Ілияс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
Наталья Деменьтева – Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
Вакиль Набиев -күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
Владимир Тохтасунов -«ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.
Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының өкілдері ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс бергенін атап өтті.
Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға – 270, Ілияс Буларовқа – 274, Наталья Деменьтевке – 292, Вакиль Набиевке – 285, Юрий Лиге – 282, Шамиль Осинге – 271, Владимир Тохтасуновқа – 277, Абилфас Хамедовке – 290 бюллетень берілген.
kyzylorda-news.kz