Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар "Болашақ" стипендия иегерімен кездесті

Жастар "Болашақ" стипендия иегерімен кездесті

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Сала үздігімен 30 сұрақ» айдары жобасы жүзеге асырылуда.
Аталған жоба аясында бүгін белсенді жастар аудандық цифрлық технология және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Жүсіпов Дәурен Әлиұлымен кездесті. Жүсіпов Дәурен 2018-2020 жылдар аралығында «Болашақ» бағдарламасы аясында Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында білім алған. 
Еркін форматта өткен кездесу барысында сала үздігіне 30 түрлі сұрақ қойылды. «Болашақ» халықаралық степендиясының иегері өмірде жеткен жетістіктері, жинаған тәжірибесі, хоббиі және қазіргі қызметіне тоқталып, жастармен ой бөлісті. Сондай-ақ, білім алуға ұмтылып, үнемі ізденіс үстінде болу қажет екендігін айтты. Аудан жастары кездесуден ерекше әсер алды.
21 қаңтар 2021 ж. 825 0