Қазақстанда баланың қайда жүргенін анықтайтын жүйе іске қосылады

«Биыл министрлік тарапынан жүзеге асырылатын ілкі жобаларға тоқталып өтсем. Бұл – баланың жүрген жерін анықтауға мүмкіндік беретін «Тап мені» балалардың қауіпсіздік жүйесі. Ол – Bluetooth желісінде жұмыс істейтін трекерлерді мониторингілейтін мобильді қосымша. Қосымша ата-аналардың смартфонына орнатылады. Ал трекерді баланың киіміне немесе мектеп сөмкесіне жапсырып қоюға болады», – деді ол ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Нұрділдә Ораздың атап өтуінше, баламен байланыс жоғалған жағдайда ата-аналары қосымшаның трекер шамшырағын іздеу режимін қосады.
«Сонымен қатар жүйе Жедел басқару орталығымен ықпалдастырылған. Демек, баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға да түседі», – деді Нұрділдә Ораз.
inform.kz