Елімізде үш өңір "қызыл" аймақта
2021 жылғы 3 ақпандағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Деректерге сәйкес, "қызыл" аймақта Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Ал "сары" аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары кіреді.
Қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта.
