Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталады

Мемлекет басшысы білім және ғылым саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру туралы арнайы тапсырмалар берді. Осыдан екі-ақ жыл бұрын студенттерге арналған оңтайландырылған қызмет көрсететін арнайы орталықтар ашылған болатын. Енді қазір аз уақыт ішінде бұл студенттерге қызмет көрсететін орталықтардың қажеттілігі азайды. Біздің мақсат – барлық қызметті заманауиландырып, смартфонның көмегімен шешетіндей деңгейге жеткізу. Бұрын 14 деканатқа барып жүрген болса, қазір оны қызмет көрсететін бір орталыққа біріктірдік. Енді арнайы орталыққа барып-жүрудің қажеті болмайды. Ата-ана болсын, студент болсын ешқайда, ешкімге бармай, смартфоны немесе компьютері арқылы қызмет алатындай жағдай жасауымыз керек. Бұл мәселені алысқа созбай, осы жылы автоматтандыру жұмысын жалғастырамыз, – деді министр.2021 жылы мектепке қабылдау, колледж бен ЖОО-ға қабылдау, грантқа өтініш қабылдау секілді кең қолданылатын қызметтер цифрлы форматқа ауысады.
Интерфейсінен бастап, құжаттарына дейін бәріне түсінікті болуы шарт. Көп қызмет проактивті болуы тиіс. Мектептен мектепке ауысу, колледжден колледжге ауысу, ЖОО-нан басқа ЖОО-на ауысу электронды түрде болатындай жұмыстар жасалады. Мұғалімдерді аттестациялау мәселесі, құжат қабылдау электронды форматқа ауысатын болады, – деп түсіндірді Аймағамбетов.Оның айтуынша, 2021 жылы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа қабылдау басталады.
Осы кезде барлық құжат цифрлы түрде іске асырылуы тиіс. Мамыр айына дейін қарастырылып, кем-кетіктер жөнделуі керек. Білім басқармалары, барлық әріптес мамыр айында жасалған жұмыстар жайлы есеп беретін болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
syrboyi.kz