Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Бүгін Арал қаласының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеде жергілікті балық зауыты «Арал СДО»-ның өнімдері мен балық түрлері және Қызылорда қаласы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының жалпы көлемі 17 тонна болатын ұн, күріш, қант, макарон, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат өнімдері арнайы автокөлікпен сатылымға шығарылды.
Сөреге шығарылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға ұсынылды.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
06 ақпан 2021 ж. 606 0