Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы бойынша әлеуметтік зерттеу басталды

Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы бойынша әлеуметтік зерттеу басталды

«Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы аясында Шиелі ауданында денсаулық сақтау саласы бойынша әлеуметтік зерттеу жұмыстарын бастады.
Осыған орай «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі «Шиелі аналары» қоғамдық қорының төрайымы Гүлзинат Сағындықовамен кездесіп, ауданда аналар және балалардың медициналық қызмет алу барысындағы мәселелерін талқылады. Алдағы уақытта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін берілетін медициалық қызметтер мен дәрі дәрмектердің Шиелі ауданы бойынша қолжетімділігін арттыру мақсатында «Шиелі аналары» қоғамдық қоры қолдау көрсетіп, әріптестік негізде жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Бұл зерттеу тегін медициналық көмектің тиімділігін арттыру мақсатында және Қызылорда облысынының тұрғындарының денсаулық сақтау саласы бойынша құқықтары мен мүдделерінің қорғалуының тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілуде.
Жобаны АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы аясында Еуразия қоры қолдайды.
@Civil Society Support Program in Central Asia
#CSSP_ISG
12 ақпан 2021 ж. 630 0