Боздақтарға тағзым

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне 32 жыл толып отыр. Ауғанстанға Кеңес армиясын енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында қабылданды. Онда Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында аса құпия қаулымен бекітілді. Еліміздің тыныштығы бұзылып, халықтың зәре-құтын қашырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жылдан астам уақытқа созылды. Ауған соғысына елімізден 22 мыңдай адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кеткен. Шара барысында Ауған соғысына қатысқан ардагер ақсақал Темірхан Назаров сөз сөйлеп, жауынгер замандастарын еске алды.
Бүгінгі күні Ауған жеріне қару асынып, қиын уақытта бірібірін бауыр еткен азаматтарымыз қазіргі таңда бейбіт елде өмір сүріп жүр.
Иә, «Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» демекші, алтыннан қымбат жастық шағын от пен оқтың арасында өткізіп, еліне аман-есен оралған батыр азаматтарға алғысымыз шексіз. Мұндай азаматтардың өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала береді.
Айсәуле НҰРЛАНОВА