Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары" (leader of the XXI century) сайысы өткізілді. Аталған сайысқа №2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және №220 орта мектебінің 11-сынып оқушылары қатысты. Білім бәйгесіне қатысушылар Қазақстан тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, биология және география пәндерінен бақтарын сынады.
Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін логикалық сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша №2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- интернатының оқушылары үздік деп танылды. Алдағы уақытта оқушылардың білім деңгейін көтеруге, қабілеттерін шыңдауға бағытталған шаралар жалғасын табатын болады.
"Толқын" ақпарат 
05 наурыз 2021 ж. 610 0