Аудан әкімі ғасыр жасаған әжейді құттықтады

Аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың хал-жағдайын сұрап, иығына ақ жаулық жауып, сый-сияпат табыстады.
Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы болған Күлмаш әжей бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.
Ертеректе тылда тер төгіп, туған жерінде еңбек еткен аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 5 перзентінен 12 немере 22 шөбере мен сүйіп отыр.
Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі