Самайын ақ басқан, ғасырдан әрі асқан

Солардың арасында, әулеттің отын маздатқан шамшырағы, кеудесі қазынаға толы, ғасыр жасаған Таңымбетова Жонай әжеміз бен Еңсепова Тәжігүл әжеміз бүгінде ауыл-аймақ үшін өнегелі өмірдің үлгісіне айналды.
Бүгінде 110 жасқа келген ғасыр иесі Жонай әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп жатқан жан. Туған жерінде еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан аяулы ана, ардақты әже атанған Жонай Таңымбетова бүгінде сегіз баласынан өрген 57 немереден 40 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отыр.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.